Павлодарда жастарды жиһадқа үгіттегендер сотталды
Павлодарда лаңкестік пен экстремизмді насихаттағандарға бүгін сот үкім кесті. Жастарды жиһадқа қатысуға үгіттеген төрт адам 3-тен 6 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.
Автор: Әйгерім Шакаманова
05.12.2014
Ең ұзақ мерзім, яғни 6 жыл –өзін «Жамағат Айдархан» деп атаған топ жетекшісі арқалады. 46 жастағы «әмір» жергілікті күзет агенттігінің басшысы қызметін де қоса атқарған. Қалған Ақбиев, Жолаев, Қабден деген 20-25 жас аралығындағы жігіттер алдағы 3 жылдарын абақтыда өткізетін болды. Бұлар қаладағы жалдамалы пәтерлер мен орталық мешіттің маңайында жиын ұйымдастырып, айналасындағыларды жиһадқа қатысуға шақырған. Сондай-ақ, садақа жинап, ол ақшаны сотталған серіктестерінің отбасыларына көмек ретінде үлестіріп келген. Оларды тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы аңдып, тамыз айында қолға түсірген болатын. Қылмыстық топ сот залынан тікелей жалпы тәртіптегі түзеу колониясына жөнелтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!