{metadescription}
0:000:00
Танымал ақын Конгресс-Холлдың атауын өзгертуді ұсынды

Танымал ақын Конгресс-Холлдың атауын өзгертуді ұсынды

 Елге танымал ақын Астанадағы Конгресс-Холлдың атауын «Айтыс сарайы» деп өзгертуді ұсынды. Айнұр Тұрсынбава бұл бастамасын, айтысқа келген су жаңа вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа арнап айтты.

Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын:

-Бердібек деген ағамыз

Жарқырап кепті араға.

Үкімет жаққа барыпсыз.

Мен бір ұсыныс айтып ем,

Дәл осы жерде бағана.

Конгрес холл сарайын

Айтыс сарайы дейік деп

Сөз салғанмын араға.

Ақын Сапарбаевқа жай емес, «сөзімді жерде қалдырма, жан аға» деп қиылып тұрып сұрады. Ал айтыстан төбе көрсеткен вице-премьер ештеңе айтқан жоқ.

Конгресс Холлдың «Айтыс сарайы» болсын деп қолқа салуы бекер емес. Өйткені, айтыскерлер конгресс-холлда талай рет додаға түсіп, жүлделі қайтқан. Жалпы, Елорданың қақ ортасында орналасқан бұл нысанның 65 жылдық тарихы бар. 1600 адам сиятын сарайдың аты бұған дейін де бірнеше рет өзгерген. Бірақ, көрерменге тек ән кештері өтетін өнер ордасы ретінде қызмет етіп келеді. Ал осындай ұсыныс көтерілген дәстүрлі «Алтын домбыра» айтысында бұл жолы Балғынбек Имашев топ жарды. Ол «Алтын домбырамен» қатар 3 миллион теңгені еншіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде