{metadescription}
0:000:00
Қарағанды облысында құрылысшылар тарихи жәдігерге тап болды

Қарағанды облысында құрылысшылар тарихи жәдігерге тап болды

Жаңаарқа ауданында құрылыс жұмыстары кезінде эксковатордың ожауына мамонттың мүйізі ілінген.

Диаметрі 50 сантиметр, ұзындығы 2 метрден асатын мүйіз 6 метрлік тереңдікте жатыпты. Полеонтологиялық бұйым марганец өндірісі ошағында табылған. Енді археологтар күн жылыған соң бұл жерді бүге-шүгесіне дейін зерттейміз деп отыр. Олар ежелгі адамдардың тұрағын табудан үміті барын да жасырмайды. Мұндай тұрақтар Қазақстанда өте сирек ұшырасады. Ал полеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйек қалдықтары ел төңірегінде мүлдем кездеспеген. Мамонт мүйізі қазір сараптамаға жіберіліп, ғалымдар сүйінші хабарды күтіп отыр.

Түлкібай Төлеуов, Қарағанды облыстық құнды жәдігерлерді сақтау орталығының директоры:

-Ғалымдар анықтайды, шамамен 6-12 мың жылдың аралығы деп отыр, мамонттардың Қазақстан аймағында, Қарағанды облысы аумағында мекендегені бұрын да дәлелденіп жүрген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде