Ресей рублі қайта күшеюі мүмкін
Рубльдің құнсыздануына байланысты ресейлік тауарлардың елімізге көптеп келуі жақын арада тыйылуы мүмкін. Себебі қаңтар айында орыс ақшасы редевальвацияға ұшырап, яғни өзінің бұрынғы бағамына қайта келеді деген болжам бар.
Автор: Олжас Байжан
08.12.2014
Рубль құны соңғы кездері қатты төмендеп, бір доллар 54 рубльге дейін шарықтаған еді. Осы құнсызданудан кейін тауар да айтарлықтай арзандаған. Қазір отандастарымыз Ресейдегі жылжымайтын мүлік, автокөлік пен техника, азық-түлікті жаппай сатып алып жатыр. Оның үстіне, бұның бірден-бір себебі солтүстіктегі көршіміз сату-сатып алу кезінде тек өздерінің ұлттық валютасын пайдаланады. Бірақ арзаншылықтың ауылы алысқа бармайтын сыңайлы. Мамандар жақын арада рубль қайтадан күшейіп, барлығы өз орнына келеді деген болжам айтуда.
Айдархан Құсайынов, экономист:
-Ресейдегі осы дағдарысқа байланысты еліміздегі инфляция көлемі төмендеуі мүмкін. Себебі қазір тауардың арзан екенін түсінген жұрт теңгені рубльге аударып, Ресейге ағылуда. Ал пәтер, көлік, тұрмыстық техниканы сол жақтан ала берсе, еліміздегі тауарлардың құны бәсекелестікке байланысты арзандайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!