{metadescription}
0:000:00
Назарбаев жастарды тың жаңалық ашуға шақырды

Назарбаев жастарды тың жаңалық ашуға шақырды

Қазақстан жаңа ғылыми жаңалықтар мен техникалық дамудың әлемдік орталығына айналуы тиіс. Бүгін Алматыда инновациялық жобалар көрмесін аралап көрген президент Нұрсұлтан Назарбаев жастардың талпынысына көңілінің толғанын жеткізді. Алайда мамандардың жаңалық ашуда әлі де белсенді болуы керек. Және тың идеяларды жоба күйінде қалдыра салмай, өндіріске енгенше тынбай еңбек ету керектігін шегелеп айтты Елбасы.

Бүгін Алматыға жиналған өнертапқыштар ешнәрсеге таң қалмайтын ғаламның аузын айдай аштыруы тиіс жобаларды ұсынды. Міне, ұшқышсыз ұшатын тікұшақтар мен түрлі қалыптағы роботтар, қиын тапсырмаларды адамның араласуынсыз-ақ өзі шешуге қауқарлы техникалар тізіліп тұр. Жас ғалымдар мен тың техниканы ойлап тапқан жандар бір-бірінің еңбегін қызықтап жүр. Көп күттірмей мұнда Елбасы келді. Қашанғыдай көрмедегі дүниелерді мұқият қарап, егжей-тегжейлі танысып шықты. Соңғы жылдары ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына жалпы 74 млрд теңге жұмсалған. Сондықтан «жаңалық аштым, алайда ақша жоқ» деу негізсіз деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Елдің бәрі ғалым бола бермейді, елдің бәрі тапқыш бола бермейді. солардың ішінде талантты жастарды, сәбилерге дейін тауып оқытып ғылымға, білімге баулуымыз керек. Сол жаңалықтарды тапсақ солардың арқасында өндірісті жасасақ сонда біз өсетін боламыз.

Инновациялық жобалар ұстағанның қолында кетпесі үшін енді еліміздегі ең ірі оқу ордалары тың идеяларды бір ортаға тоғыстырмақ. Солардың бірі – Қазақ ұлттық университеті. Қазір мұнда медициналық-биологиялық кластер құрылған. Соның аясында «Керемет» атты студенттерге қызмет көрсету орталығы жасақталған. Ол жерде университет ұстаздары мен студенттері тегін медициналық көмек алады.

Ғалымқайыр Мұтанов,  әл Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:

-Елбасының ерекше атап айтқаны биылғы жолдауда 10 ЖОО-на  10 млрд ақша бөлініп жатыр. Бұл негізінен университеттерді трансформациялау, Инновациялық экономиканың субъектісіне айналдыру.  Мұның негізі тезірек ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу.

-Расында тың жаңалықтар мен әлемде жоқ ғылыми-техникалық идеялардан кенде емес біздің білгірлер. Тек жасағандары жоба күйінде сөрелерде шаң басып қалып қоюда. Сондықтан ойлап табылған дүниелер іске жарамды болса ертеңгіні кеш қылмай тезірек өндіріске енгізу керек деді Елбасы. Өйткені үздік елу елдің қатарына еңсе тіктеп енген Қазақстанның озық отыздыққа кіруіне бірден бір себепкер осы жаңа инновациялық жобалар болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.