Қостанайда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды
Қостанайдығы құс фабрикасының бірінен шу шықты. Бірақ шулаған тауықтар емес, зауыттың бұрынғы жұмысшылары. Айтуларынша, фирма басшысы қыркүйек айында «қысқарту» деген желеумен көп адамды жұмыстан босатқан. Бірақ өтемақы тұрмақ, жалақысыз қалдырыпты. Амалы таусылған еңбеккерлер бүгін зауыттың Бас кеңсесіне басып кіруге әрекеттенді.
Автор: Құралай Пионер
08.12.2014
Алайда «Север-птица» зауытының территориясына жұмысшылардың кіруі мүмкін болмады. Директоры көппен тілдесуге бас есепшіні жұмсаған екен. Бірақ ол да жұрттың қаһарынан сескенді ме, кері қаша жөнелді. Жалпы, соңғы 4 айдың ішінде бұл құс зауытынан 20-ға жуық адам кетуге мәжбүр болыпты. Заңсыз қуылғанын олар сотта да дәлелдеп шыққан. Сөйтіп, фирма 3 миллион теңгені еңбеккерлерге қайтаруға міндеттелген. Тек сол үкімді фабрика басшылары елер емес.
Берік Төлендіұлы, жұмысшы:
-Шілде, тамыз, қыркүйек айларының ақшасын бермей, бізді ескертусіз жұмыстан шығарып жіберді. Содан бері сот болды. Шешім қабылданды. Сонда да ешқандай қозғалыс жоқ. Маған 159 мыңдай беруі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!