{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда әйеліне ренжіген жігіт секіріп өлмек болды

Көкшетауда әйеліне ренжіген жігіт секіріп өлмек болды

Бүгін Көкшетауда 8-ші қабаттан секіріп өлем деп айқайға басқан жас жігіт қаланың бүкіл шұғыл қызметін аяқтан тік тұрғызды. Тапа-тал түсте көпқабатты үйдің терезесінен аяғын салбыратып отырған ол кішкентай қызымен кездестіруді талап еткен. Ал баласын бұрынғы әйелі алып кеткен екен.

22 жастағы әке полицияға қызымды қайтарып беріңдер деп өзі қоңырау шалыпты. Сосын жоғарыдан секіруге әрекеттенген. Тәртіп сақшылары жедел құтқару қызметін түгел жұмылдырып, көпқабатты үйдің жанында 2 сағатқа жақын әлгі жігіттің жерге түсуін сұрады. Тіпті туыстары да жалынды. Осы уақыт бойы үйге де, бірде-бір адам кіріп шыға алған жоқ. Өйткені жас жігіт ғимаратқа біреудің кіргенін көрсе секіріп кетемін деп қорқытты. Ақыр аяғында ашуы тарқады ма, әйтеуір суицид жасамақ болған азамат полицейлердің айтқанына көніп жерге түсті. Қазір ол медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде