Прокурорлар Рысқалиевтің сыбайластарына шығарылған үкімді дереу өзгертуді талап етті
Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің 22 сыбайласына қатысты шығарылған сот үкімдерінің кейбіріне прокурорлар қарсылық білдірді. Олар біраз азаматтардың алған жазасы тым жеңіл екенін айтып, апелляциялық шағым түсірді. Прокурорлардың ойынша, сот Рысқалиев сыбайластарының қылмысына жұмсақтық танытқан.
Автор: Жанар Низамутдинова
08.12.2014
Мемлекеттік айыптаушылар 8 адамға қатысты үкімге разы емес. Нақтырақ айтсақ, олар жазадан мүлдем босатылған «Актобехаусконстракшн» компаниясының бас есепшісі Гүлмира Әзбергенованы 8 жылға соттауды сұрап отыр. Ал 3 жылға сотталған Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімовті прокурорлар 12 жылға бас бостандығынан айыру керек дейді. Сондай-ақ, бұл тізімде бұрынғы басқарма басшылары мен серіктестік директорлары да бар. Олар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді. Сотталушылар мен олардың қорғаушылары да үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Олардың арасында Бергей Рысқалиевтің бірінші орынбасары, 15 жылға сотталған Болат Дәукенов те бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!