Генерал Жоламановтың ісі мерзімінен бұрын тергеліп бітті
Атышулы генерал Жоламановтың қылмыстық ісі уақытынан бұрын тергеліп болды. Күтпеген жерден аса шапшаңдық танытқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті, том-том материалды белгіленген екі ай емес, бір айдың ішінде жинап біткен.
Автор: Ербол Сейілхан
08.12.2014
Қазір қылмыстық іспен Нұрлан Жоламановтың өзі мен екі адвокаты танысып жатыр. Олар толық зерделеп болған соң, іс сотқа жіберілуі тиіс. «Жоламанов ісінің» тез жылжуына қарағанда, процесс қаңтар айында басталауы ғажап емес. 58 жастағы Шекара қызметінің директорына, бір жарым ай бұрын «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «ірі көлемде пара алды» деген айып тағылған болатын. 27-ші желтоқсанға дейін қамауға алынған генералдың соңғы уақытта қанындағы қант мөлшері көбейіп, денсаулығы нашарлағанын айта кетейік. Соған байланысты Жоламанов пен адвокаттары үй қамаққа алуды сұрағанымен, талаптары ескерусіз қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!