КТК-ның кезекті эксклюзивті фильміне Нұрсұлтан Назарбаев қатысты
Әріптесіміз Ярослав Красиенко әзірлеп жатқан «Дороги жизни» атты деректі фильмінің түсірілімі аяқталып келеді. Жақын күндері қазақ жеріндегі мыңдаған шақырым темір, көлік жолдарының тарихымен таныс боласыздар. Сондай-ақ, Елбасының өзі ұлы даланы дүние жүзіндегі түрлі теңізбен қалай байланыстырғанын баяндап береді.
Автор: Жәудір Оразхан
10.12.2014
Қазақ жеріндегі ең алғашқы ұлттық теміржол деп Түрксібті айтуға болды. Өйткені, дәл осы дәлізді салған құрылысшылардың 40 пайызы қазақтар екен. Ал, кейінгі жылдары салынған жолдар Қазақстанның экономикалық дамуына еш септігін тигізе алмады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Бізде көлік, темір жол жүйесі болды. Бірақ олардың барлығы Ресейге барып тірелетін. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ішкі аймақтарды Астана арқылы байланыстырып, біріктіретін жолдар сала бастадық. Оның үстіне Қытай, Иран сынды ірі сауда серіктестеріміз пайда болды.
Орта Азия мемлекеттеріне, Қытайға Қазақстан арқылы ғана жылдам әрі тіке қатынауға болады. Бұл бізге де, жүктасымалымен айналысатын өзге де елдер үшін экономикалық жағынан өте тиімді бағыт. Мұны жақсы түсінген Қазақстан сапалы әрі заман талабына сай темір және көлік жолдар салуға біле сыбана кірісті. Бірақ, бұл жоспарымыз тек 2000 жылдардан кейін нақты жүзеге аса бастады. Алғашқы жол құрылысы оңтүстік-шығыс аймақтағы Жетіген елді-мекеніне жақын жерден Қытайға қарай басталды.
Ярослав Красиенко, «Дороги жизни» фильмінің авторы:
-Здесь, действительно, не было ничего. Ни вокзалов, ни автомобильных дорог, ни этих жилых микрорайонов, ни мостов, ни, конечно, людей - а что им тут было делать? И, само собой, тут не было железнодорожного полотна - оно существовало лишь в виде чертежей и стопок документов с техническим обоснованием проекта.
Осылайша тәуелсіз елімізде талай жолдың тұсауы кесілді. Осыдан он жыл бұрын ашылған Хромтау-Алтынсарин магистралін де ерекше атап кету керек. Ол қос аймақты және Ақтаудағы портты байланыстырып тұр.
Ал, жеке порты, теңізге жолы жоқ мемлекеттің экономикалық дамуы мүлдем мүмкін емес. Сондықтан, жазық далада орналасқан Қазақстан қалайда теңізге шығуды көздеді. Ол үшін Президент ұзақ жылдар халықаралық келісімдер жүргізді, тіпті жаңа жобалардың тиімділігін дәлдеп шығуына тура келді. Қазір Бакуде, Қара теңізде, Батумиде жек терминалдарымыз бар және Балтық теңізіне жол аштық.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Қазір біз отырған «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолын ашу үшін Иранның үшінші президентімен келіссөздер жүргізіп отырмыз. Қазақстаннан Түркіменстанға, әріқарай Бандербосқа дейін мың шақырым жол салу оңай шаруа емес. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағылар қуанатын болды. Дәл осы бағытпен ұн, бидай тасымалдаймыз. Енді Парсы шығанағындағы тұтынушы мемлекеттерге тіке әрі төте жол тауып отырмыз.
Жаңа фильм барысында Елбасы стратегиялық маңызды зор, экономикамыздың күре тамырына айлаған темір, көлік жолдардын салу үшін тағы қандай қиындықтарды жеңіп, бізге кімдердің мойынсынғанын жіті баяндап береді. Тың туындының тұсаукесері КТК-дан күтіңіздер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!