{metadescription}
0:000:00
КТК тілшісі Жәудір Оразхан байқауда топ жарды

КТК тілшісі Жәудір Оразхан байқауда топ жарды

КТК тағы үздіктердің қатарында. Жаңалықтардың тілшілері  Жәудір Оразхан мен Евгения Бодрова  журналистер арасында өткен  "Қазақстан - бейбітшілік отаны" байқауында топ жарды.

Жүзден жүйрік шыққан Жәудір Оразханға конфессияаралық келісім  тақырыбы етене таныс. Тілшіміз ұлтаралық татулықты дәріптеп қана қоймай,  діннің атын жамылған секталардың заңсыз әрекеттерін талай әшкерелеп берген еді. Журналист Евгения Бодрова да, жат ағымдардың жетегінде кеткендер туралы материал әзірледі. Осылайша қос тілшіміз бұл мәселеге биліктің назарын аудартып, адасқан талай жанды жамандықтан құтқарды. Еңбектері де елеусіз қалған жоқ. Мәдениет және спорт министрлігі өткізген республикалық байқауда көтерген тақырыптары үздік деп танылып, лайықты жүлдесін алды.

Жәудір Оразхан, тілші:

- Елімізде соңғы кезде жат ағымның жетегінде кеткен жастар және аңқау елді алдамақ болған түрлі діни ағымдар көбейіп кетті. Сондықтан бұл тақырып журналистердің үнемі назарында болады және болуы міндетті де. Ал мынау еліміздегі беделді бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен байқауда дәл осы біздің КТК телеарнасының эфирінен шыққан материалдың топ жарғаны біз үшін әрине қуанышты. Және бұл тек менің емес КТК-ның Астанадағы бюросының жеңісі деп есептеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде