{metadescription}
0:000:00
Қостанайлық зейнеткер аттасы үшін коммуналдық ақы төлеуге мәжбүр болды

Қостанайлық зейнеткер аттасы үшін коммуналдық ақы төлеуге мәжбүр болды

Қостанайда зейнеткер аты-жөні өзіне ұқсас адам үшін коммуналдық ақы төлеуге мәжбүр болды. Аттас әйелдер бір-бірін танымайды да, әрі екеуі екі қаланың тұрғыны. Рудныйда тұратыны коммуналдық қызмет ақысын төлемеген екен. Сот соның қарызын өндіру туралы шешім шығарған. Ал сот орындаушылары оны Қостанайдағы қарттың зейнетақысынан алыпты.

Татьяна Федорова әлі өз-өзіне келе алмай жүр. Осы айда ол зейнетақысының жартысын да алып жарытқан жоқ. Себебі, Рудныйда аты да, тегі де,тіпті әкесінің есімі де ұқсас әйелдің коммуналдық қызмет үшін берешегін сот орындаушылары осы кісінің зейнетақысынан алып қойған. Қарыз көлемі көп емес, 57 мың теңге. Бірақ бұл қарияның қалтасын кәдімгідей қағыпты.

Татьяна Федорова, Қостанай қаласының тұрғыны:

-Осы айда 16 мың ғана алдым. Ол ештеңеге жетпей, қатты қиналдым. Сол үшін алтын алқамды ломбардқа өткізіп, пәтерге төледім. Дәрі-дәрмектер сатып алдым. Ол да қазір удай қымбат.

Артынан аттасы үшін қарыз төлегенін түсінген зейнеткер өзінің басқа адам екенін дәлелдемек болады. Ал сот орындаушылары қателіктерін түсінгенімен, «бұл жерде біз өз жұмысымызды ғана атқардық» деп ақталуда.

Несібелі Бисенова, Жеке сот орындаушылар алқасының төрайымы:

-Түсінбеушілік болғаны рас. Мұндай жағдайда зейнеткер әйел шешім шығарған Рудный қаласының сотына барып, мән-жайды өзі анықтауы тиіс. Яғни құжаттармен танысып, біреудің орнына не үшін ақша төлегенін соттан сұрап білуі керек.

Алайда Рудный қаласының соты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. Айтуларынша, онда тексеру жүріп жатыр екен. Ал аттасы үшін аяқ астынан шығынданған зейнеткер ақшасын қайтарып беруді талап етуде. Әрі моральдық өтемақыны да өндіру үшін сотқа шағымданбақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде