{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысында ауыл әкімі ерлік жасаған қыздың сұхбат беруіне тиым салған

Ақтөбе облысында ауыл әкімі ерлік жасаған қыздың сұхбат беруіне тиым салған

Ақтөбе облысында алтыншы сынып оқушысы бауырларын ажалдан аман алып қалды. Нұрбұлақ ауылында тұратын 12 жасар Кәмшат Байғозы отқа оранған үйден екі сіңлісін құтқарған.

Қаршадай қыздың ерлігін қазір ауыл тұрғындары жыр қылып айтып жүр. Кәмшат сол күні мектепке баруға жиналып жатады. Бір мезетте дәліздегі газ пеші атылып, үйдің бір жақ бөлігі өртене бастайды. Сол бойда терезені шынтағымен сындырып бесікте жатқан сіңілсін далаға шығарған. Екінші бөлмедегі сіңлісін де солай шығарып алыпты. Ол тіпті шыны тиген білегіндегі қанға да мән бермеген екен. Ауыл тұрғындары қызыл жалынға оранған үйге жақындауға қорқып, қарап тұрыпты. Қазір 12 жасар Кәмшат Байғозы отбасымен бірге туыстарының үйінде тұрып жатыр. Күлге айналған баспаналарын келер жылы қайта тұрғызбақшы. Бірақ батыр қыздың сол күнгі оқиғаны айтуға құлқы жоқ. Себебі ауыл әкімі өртенген үйді тілшілерге көрсетуге және сұхбат беруге тыйым салыпты. Ал тұрғындар оны мемлекеттік марапатқа ұсынғылары келеді. Бірақ ауыл әкімі тағы да оларды тыйып тастаған. Шенеунік онысын өзінше түсіндіргендей болды.

Берік Кныков, Қарағаш ауылдық аймағының әкімі:

-Бұл баланы 16 желтоқсан күні марапаттайын деп айтқан болатынмын. Мынандай нәрсені қазақтың мақалы бар ғой, «Бүлінгененін бүлдіргі алма» дейді. Бүлінген нәрсені көрсетпе дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде