{metadescription}
0:000:00
Газдан тарыққан Шымкент тұрғындары жолды жаппақ

Газдан тарыққан Шымкент тұрғындары жолды жаппақ

Шыңылтыр аяз түскенде шымкенттіктер жылусыз қалды. Қаладағы жүз шақты үйде газдың қысымы төмендеп, тіпті сөніп қалып жатыр. Бұл жағдай күн суыта жылда қайталанады екен. Үйлері суып, балалар ауырып қала берген соң көпшілігі тіпті баспанасын тастап туыстарын жағалап кеткен. Ал қалғаны қабат-қабат киініп, жылу түгілі шәй қайнатып ішуді армандап жүр.

«Қайтпас -1», «Академқалашық» ықшамаудандары – Шымкенттің халық ең тығыз қоныстанған әрі жылдам өсіп келе жатқан аумағы. Бірақ қыста мұнда адам саны азаяды. Себебі, қытымыр аязда газдың қысымы бәсеңсиді де, баспаналары азынап кетеді.

Клара Өсербаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Жылда осы проблема. Қалай қыс болады, газ аз болады өте. Пешіміз өшеді. Мысалға бұрын күніге 12-лерде қысымы  көтерілетін де пешіміз қосылатын. Ал кеше түнгі сағат 2-ге дейін күттік. Пеш қосылған жоқ. Газ қосылған жоқ.

Қазір көгілдір отын бұл тұрғындардың үйінде не әлсіз жанады, не мүлдем жоқ. Осының өзіне әр шаңырақ жылыту маусымында 20-30 мыңнан ақша төлеп келеді. Шыңылтыр аяз ұрғанда бірнеше үйдің жылу батареялары жарылып та кеткен екен. Ал үйлердегі ауа температурасы 8-10 градустан аспайды.

-Далада аяз. Газдың жанғаны мынау, максимум жанғаны осы. Шәй қайнамайды, шәй қайнамаған соң қайдан тамақ піседі? Қайдан үй жылиды?

Балдықыз Қордан суық басталғалы бері 4 баласымен бір бөлмеден шықпайды. Кішкентайлар да үй ішінде қалың киініп, көрпеге оранып отыруға да үйреніп қалған. Бәрі бірге осы күйінде ұйықтайды.

Балдықыз Қордан,  Шымкент қаласының тұрғыны:

-Үй салқын кезде біз сабақты да ұмытамыз. 1 апта 2 аптаға  апайына хабарласып, біз кетіп қаламыз ауылға, көмір жағатын жаққа барамыз.

«Осы ауданға газ құбыры тартылғанда тұтынушылар саны жыл сайын еселеп артатынын күтпегенбіз» дейді көгілдір отынды тасымалдауға жауапты мекеме басшылығы. Бастапқыда 500 отбасын қамтуға есептелген ауданда қазір 2 жарым мың шаңырақ өмір сүруде.

Сәкен Исмайылов, «Қазтрансгаз Аймақ» ОҚО филиалының бас инженері:

-Дүйсенбіден бастап материалдарды алып келіп, жұмыстарды істеп жатырмыз. Бұның бұлай болған себебі жолдың арғы бетінен үлкен газ құбыры тартылып өтілген. Сол газ құбырына өткен апта газды бердік. Сол жақтан мына жаққа «закольцовка» жасап, мәселені шешпеушіміз.

Енді сол тұрғындар осы аптаның соңына дейін газ мәселесі шешілмесе жолды жабамыз деп ашуға мінді.

-Бәрін шығарамыз. Бала-шағамен шығарып бәріміз шығамыз. Көрпе төсек салып алып жатамыз онда.

-Газға жауапты мекеме басшылары болса, жолды жауып дүрлігудің қажеті жоқ дейді. Екі жылдан бері мәселені біліп келгенімен,бірнеше күннен бері ғана жанталасып жатқан олар алдағы жұмаға дейін құбырды кеңейтіп, газ қысымын жоғарылатпақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде