Ақтауда тұрғын үйден шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылды деп тапқан.
Автор: Сандуғаш Шортанова
10.12.2014
Ал оттың нақты неден тұтанғаны мен оған жауапты тұлғаны анықтау үшін арнайы сараптама жасалмақ. Болжам бойынша, өрттің тұтануына дәнекерлеу жұмысы себеп болуы мүмкін. Алдыңғы күні алты қабатты тұрғынүйдің соңғы екі қабатындағы 8 пәтер түгел жанып кеткен еді. Тағы 17 пәтерді өрт сөндіру кезінде су басқан. Қызыл жалын шамамен мың шаршы метр аумақты шарпыды. Бұған тұрғындар кешігіп жетіп, сылбыр қимылдаған өрт сөндірушілерді де кінәлауда. Төтенше жағдайлар департаменті де бұл жағдай бойынша өз қызметкерлерін тексеруге уәде берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!