Үлкен даудан кейін туристердің жеке басы сақтандырылуы мүмкін
Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығы сырт елге демалуға шыққан жолаушының жеке басын сақтандыруды ұсынып отыр. Олардың ойынша, заңға осы тұрғыда өзгеріс енгізілуі тиіс.
Автор: Құралай Пионер
10.12.2014
Бұл ұсыныс отандық саяхат нарығындағы соңғы дау-дамайлардан кейін жасалып отыр. Биыл «Гүлнар-тур» мен «Алмас-туристик» бастаған бірнеше ірі компания банкротқа ұшырап, мыңдаған туристің жазғы демалысының шырқы бұзылғаны мәлім. Сақтандыру құқығы агенттіңтің меншігінде болғандықтан, көбінің әлі күнге дейін ақшасы кері қайтарылған жоқ. Моральдық шығынды былай қойғанда, негізгі cоманың өзі өтелмеді. Міне, осы жағадайдан кейін аталған қауымдастық сақтандыру ісін туристің жеке басына міндеттеу керек деп отыр. Бұдан бөлек, мамандар саяхат фирмалары арасында да дағдарысқа қарсы ортақ қор құруды ұсынуда. Соған ай сайын белгілі бір мөлшерде ақша салып отыру тиіс. Егер фирма қандай да бір қиындыққа тап болса, оған осы қордан жәрдем беріледі.
Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының төрағасы:
-Егер орта есеппен бір туристің жолдамасы 2 мың доллар шамасында болса, сақтандыруға соның 10-15 пайызын төлейді. Сақтандыру үш жағдайда өтеледі: ұшу кезінде кедергі болса, қонақ үй жағы реттелмесе және жолаушы кері қайта алмай жатса. Тек ол үшін туристтің шығынның бәрі өз қалтасынан төлгенін айғақтайтын түбіртектері болуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары