Атышулы журналдың жабылуы Мәжіліске жетті
Атышулы "ADAM bol" журналына қатысты дау Мәжіліске жетті. Бүгін депутат Азат Перуашев басылымның жабылуынан саяси астар іздемеуге шақырды. Ал тараптардың келіспеушілігі тек сотта шешілуі тиіс дейді.
Автор: Гүлнұр Имандосова
10.12.2014
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Ерғалиеваның хаты бойынша, бізге Бас прокуратурадан жауап келді. Хатта сот процессі әлі де жалғасып жатқаны айтылған. Жалпы, еліміз құқықтық мемлекет болған соң сот жүйесін құрметтеуге міндеттіміз. Және бірде бір құзырлы орын сот ісіне араласа алмайтынын да айтқым келеді.
20-шы қарашада Алматының Медеу аудандық соты қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басылымды толық жабу туралы талап арызын қанағаттандырған болатын. Сөтіп "ADAM bol" оппозициялық журналының шығарылуына тыйым салды. Ал, бұл шешіммен келіспеген журналдың бас редакторы болса Мәжіліс депутаттарынан араша сұрап, хат жолдаған-ды. Енді дауға нүктені сот қоюы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!