{metadescription}
0:000:00
Ержан Өтембаев  ақыры бостандыққа шығатын болды

Ержан Өтембаев ақыры бостандыққа шығатын болды

Өтембаевқа қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды. Сенаттың бұрынғы жетекшісі енді жазасының жартысын да өтеместен бостандыққа шықпақ. Ал шешімге наразылық білдірген марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстарының шағымын Астана соты қанағаттандырмай тастады.

Белгілі қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына кінәлі деген айыппен Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 20 жылға қамалған болатын. Артынан бұл жазасы 13 жылға дейін азайтылған. Бүгінгі күнге дейін жазасының 9 жылын өтеген Өтембаев 7-ші қарашада мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдірген-ді. Астаналық сот оның бұл өтінішін жерде қалдырған жоқ. Осылайша, қазір жүр сыр беріп ауруханада жатқан  Өтембаев бостандықтың ақ таңын белгіленген мерзімнен бұрын көруге мүмкіндік алды. Алайда, Өтембаевқа қарсы тарап сот шешімімен келіспейді. Бұл мәселеде марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлының өз айтары бар.

Рысбек Сәрсенбайұлы, Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы:

- Біздің шағымымыз қанағаттандырылған жоқ. Біз оны дұрыс емес деп есептейміз. Өйткені, қойған талаптарымыздың бәрі заңды, негізді. Бұл іс әлі аяқталған жоқ, әлі шешілген жоқ. Мен айтар едім, Ержан Өтембаев ол қылмыс істегендерді жасырушы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.