Елімізде бензин арзандады
Үкімет әзірге уәдесінде тұрды. Елімізде бензин бүгіннен бастап қайта арзандып, бұрынғы бағасына сатылып жатыр.
Автор: Гүлнұр Имандосова
10.12.2014
Жұрт ең көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин 128-ден 115 теңгеге және дизель отыны да тура 8 теңгеге төмендеген. Кейбір жанармай құю бекеттері қазір жаппай электронды тақтадағы бағаларын өзгертіп әлек. Ал енді бірі әліптің артын баққандай. Өйткені, сарапшылар бұл баға ұзақ сақталмайды деп отыр. Күні кеше ғана Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин жанармай бағасы түседі деп мәлімдеме таратқан. Шенеуніктердің сөзіне сенуден қалған жұрт бұл жағымды жаңалық ертеңінде-ақ іске асады деп күтпегені анық. Дегенмен, жаңа жылдан бастап Қазақстан мен Ресейде жанармай құны теңестірілмекші. Яғни, бұдан былай біздегі баға көршілеріміздің нарығына қарай белгіленетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!