«Дороги жизни» фильмін монтаждау аяқталып қалды
КТК-ның эксклюзивті туындысының эфирге шығуына санаулы күндер қалды. Қазір «Дороги жизни» фильмінің монтаждау жұмыстары аяқталып келеді. Автор мен режиссер сценарий бойынша таспалардың орналасу тәртібін соңғы рет тексеріп, пысықтап жатыр.
Автор: Жәудір Оразхан
11.12.2014
Фильмді дайындау барасында түсірілім тобы еліміздің түкпір-түкпіріндегі көлік, темір жолдар өтетін аймақтар мен жаңадан салынып жатқан транзиттік дәліздерді аралап шықты. Иран мен Қытайға арнайы барып, шетелдердегі қазаққа тиесілі терминалдарды көрді. Елбасы арнайы сұхбат та берді. Осылайша айлап түзде өткен түсірілім жұмыстары енді Президенттің телерадиокешенінде жалғасуда. Мұндағы монтажға да сценарий авторы, фильмнің режиссері мен өңдеуші мамандар қатысуда. Әрбірінің өз міндеті бар. Әсіресе, Елбасының сұхбатына мұқият қарау керек. Оған ең алдымен режиссер жауапты. Бұған дейін Президенттің ресми сапарларына қатысты түсірілімдерге тікелей қадағалап келген Әлхан: осы фильмді абыроймен аяқтасам, жаңа бір белесті бағындырған болар едім дейді.
Әлхан Исмаилов, «Дороги жизни» фильмінің қоюшы-режиссері:
-Мен мұндай ауқымды деректі фильмді алғаш рет түсірудемін. Тақырып өте қызық. Айлап ауыл-аймақты араладық. Жол салу деген - қайнап жатқан өмір, тынымсыз тіршілік екен. Ауа райы да өте қолайлы болды. Барған жерімізде күн шайдай ашылып кетеді. Жолдардың құрылсы түсірілім тобының әрбір мүшесіне ерекше әсер етті деуге болады. Ендігі мақсатымыз - сол көрген-білгенімізді көрерменге жеткізу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!