Ұлттық банк жаңадан темір ақша шығарды
Бүгін Алматыда 2014 жылғы темір ақшалар көпшілік назарына ұсынылды. Алтынмен апталып, күміспен күптелген олар бағалы кәдесый ретінде таралымға шыққан.
Автор: Досжан Маратұлы
11.12.2014
Ұлттық банк биыл темір ақшаны 7 түрлі серия бойынша шығарған. Олар танымал тұлғалар мен ұлттық дәстүрді насихаттауға бағытталыпты. Мәселен, ұлттық ойын «көкпар» мен ананың балаға деген махаббатын бейнелеген теңгелер көптің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, қазақтың төбеті мен келе жатқан қой жылына арналған бағалы металлдар да жұрттың назарын аударды. Ал танымал тұлға ретінде Тарас Шевченко мен Шоқан Уәлихановтың бейнелері бар. Олардың таралымы 1 мыңнан – 100 мыңға дейін. Айта кету керек, бұл теңгелер әлемдегі ең мықты бұйымдардың қатарында. Мәселен, биылдың өзінде осындай үш монета халықаралық байқауларда үздік деп танылды. Ал мына «Алма отаны» теңгесі әлемдегі ең әдемі күміс бұйым атанды.
Виктор Ивженко, Ұлттық банк дизайнері:
-Біздің монеталар қай жерде болмасын өте жоғары бағаланады. Дизайны да, сапасы да керемет.Сондықтан шетелдің коллекционерлері осыларға қызығушылық танытып отыр. Қазір темір ақшалардың кезекті сериясын дайындап жатырмыз. Олар келесі жылы шығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!