{metadescription}
0:000:00
Алматыда қайыр тілеумен күн көрген қаңғыбас күтпеген жерден бақытқа кенелді

Алматыда қайыр тілеумен күн көрген қаңғыбас күтпеген жерден бақытқа кенелді

Қаңғыбастың да басына бақ қонды. Алматыда 2 жыл қатарынан қайыр тілеумен күн көрген Владимир Усталов КТК арнасының арқасында мол бақытқа кенелді. Елу үш жастағы Ауған соғысының мүгедегі көше бойында тұрып әскери әндерді орындаумен күнелткен еді. Алайда аккордеон тартқан ардагерге тәртіп сақшылары талай мәрте күн көрсетпей, араға тіпті тілшілердің араласуына тура келген.

Енді Владимирді ешкім де «қайыршы» деп атамайды. Ер азаматтың өңі кіріп, сүйегіне ет біткен. Алматының қақ ортасында үш бөлмелі пәтері, тіпті сүйікті келіншегі де бар.

Тура осыдан бір жыл бұрын ол өзге мұқтаж жандармен бірге көше бойында тұрып қайыр тілеген болатын. Алақан жайып емес, Ауған соғысының ардагері аккордеонда кілең әскери әндерді орындайтын. Небәрі 10 мың теңге ғана зейнетақы алатын ол бауырлары үйінен қуып шыққан соң қайыр тілеуге мәжбүр болған. Алайда одан көше бойын да қызғанғандар табылды.

-Кет дедім бұл жерден.

Ауған ардагері енді көшеде тұрмайды. Әскери комуфляжынан басқа үстінде іліп алар киімі де болмаған азаматты КТК арнасынан көріп, ірі компания өкілдері бірден жұмыс ұсыныпты.

Владимир Усталов, Ауған соғысының ардагері:

-Шынымды айтсам, өмірім өзгереді деп мың ұйықтасам да түсіме кірмепті. Қазір басымда баспанам, тұрақты жұмысым, көлігім де бар. Бәрі бір сәтте өзгерді. Менен асқан бақытты жан жоқ.

Қазір Владимирдің көлігі де бар. Қартайған шағында қайыр тілеуге мәжбүр болған соғыс ардагері бұрынғы көшедегі өмірін қорқынышты түстей ұмытқан. Ал бұрын қолына алып, қайыр тілеген аспабымен ол қазір өзінің жеке хорын құрып, тіпті қазақ тілінде ән шырқап жүр.

- Өзгеден де ең сұлу,

Өмірлік дос тең сұлу.

Өзім сүйіп ұнатқан,

Бәрінен де сен сұлу, сен сұлу...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде