{metadescription}
0:000:00
Алматыда ең ірі базардың саудагерлері тағы шу шығарды

Алматыда ең ірі базардың саудагерлері тағы шу шығарды

Алматының қақ ортасындағы ең ірі базар саудагерлері бүгін тағы бас көтерді. Өйткені базардың бұрынғы иелеріне жарты жылдың ақысын төлеп қойған олардан жаңа басшылық қайтадан ақша сұратқан. Сөйтсе, елден ақша жинап жүргендер заң жүзінде өкілеттерінен өткен жылы айрылыпты. Тараптардың тартысы өткен аптада үлкен айқайға ұласып, тіпті базардың ішіне бензин шашып шулатқан болатын. Істің ақ-қарасын енді құзырлы орындар тексеріп жатыр.

«Тигрохауд» пен «Рәштің» жыры бес жыл бұрын басталған. Қаланың қақ ортасынан ойып тұрып орын алған қос базар басшыларының соты биыл бітті. Бірақ бұрынғысы бүгінгісіне орын тағын бермей әлі қырқысып жүр. Өткен аптада тіпті ескі қожайындар сауда орталығына түгел бензин шашып, сым тартып тастаған болатын. Тіпті тапанша кезеніп елдің есін алды.

-Осы жерде ме аға?

-Ей қаш, қаш, қаш!

Ақыры соттың шешімі орындалып, жаңа басшылық келгенімен, даудың бітер түрі жоқ. 500-ден астам адам қызмет қылатын алып базардағы саудагерлер жалға алу құнын төлемейміз деп шығыпты. Өйткені бұрынғы басшылық жарты жылдың ақысын жинап алған екен.

Тамара Иванова, саудагер:

-Қазір сауда мүлдем жоқ, қалтамызда бір тиын ақша да жоқ. Болса да қайтадан жалға алу құнын төлемеймін. Өйткені бұрынғылары жинап кетті, солардан алсын. Осы айқай-шулардан кейін жұрт та базарға келуді қойды. Осы отырған жерімнен жылжымаймын, өйткені ақшамды беріп тастағам.

Мұнда Тамара Иванова сан соғып қалған саудагерлер көп. Былтырдан бері сот шешімімен билігінен айрылған қожайындар аңқау елге арамза молдалығын қылса керек. Бірақ қазір заңды түрде келген базар иелерінің де айы оңынан туып отырған жоқ. Өйткені сауданың тұралағаны аздай, базарлардың берешегі де белшеден.

Меруерт Құлжабаева, «Тигрохауд» ЖШС бас директоры:

-Сатушы арендаторлар бойынша олардың заңды түрде төлеген заңсыз түрде төлеген қаражаттары бойынша мәліметтерді жинастырып жатырмыз. Бұлар барлық құжаттарды жоғалтқан қазір компанияда ешқандай бухгалтерлік заңдық құжаттар жоқ.

Тараптардың тартысы кезінде сауда орнына 6 миллион доллар материалдық шығын келген. Құқық қорғау орындарының осы деректерінен кейін базарға жатып алған қарсы тарап ізін суытып үлгеріпті.

-Бұрынғы құрылтайшылардың салыққа да халыққа берешегі белуардан боп шықты. Қазір оларға қатысты 3 бірдей қылмыстық іс қозғалған. Билігінен айрылғандар ара-тұра базарға кеп жанжал шығарады екен. Ол да түсінікті, өйткені бір жылда 400 миллион теңгеге жуық ақша айналатын жіліктің майлы басы қайсы құрылтайшының болсын қалтасын теспесі анық. Десе де жаңа басшылық қайта аяққа тұрғанша саудагерлерді қыспаймыз деп бүгінгі шудың бетін қайтарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.