Петропавлда 3 мың теңге айыппұл төлемеген жүргізуші қамауға алынды
Үш мың теңге айыппұл төлемегені үшін 5 күнге қамалды. Петропавлда екі жүргізуші өткен жылдан бері өтемей жүрген қарыздарының кесірінен көліктерінен тура абақтыға тоғытылды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
11.12.2014
Олардың мойындарындағы қарызды «Борышкер» алдын алу шарасы бойынша жұмыс істеп жүрген жол сақшылары мен сот орындаушылары анықтапты. Көліктен шығарып алып, дедектетіп тура сотқа жеткізген. Әкімшілік сот екі жүргізушіні де бес күнге темір торға тоғыту туралы шешім шығарды. Екеуіне де былтыр жазда қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін тәртіп сақшысы айыппұл салған екен. Алайда бұл қарыздары жайлы олар мүлдем ұмытып кеткен сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!