Оддессада жарылғыш затты тастай қашқан әйел камераға түсіп қалған
Одессаның құқық қорғау органдары бақылау камерасындағы жазбаларды зерттеп, жарылыс ұйымдастырғандарды іздестіруде. Кеше кешке сауда орталықтарының біріне белгісіз адам жарылғыш зат қойып, кейін оны пульт арқылы іске қосқан болатын.
Автор: Олжас Байжан
11.12.2014
Ғимарат қожайыны көпшілік назарына ұсынған мына бейнежазбада әйел адам пакетті қабырғалардың біріне сүйеп, өзі тез жасырынып қалады. Бомба 15 минуттан соң жарылып, жақын маңдағы ел-жұрттың үрейін ұшырған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Себебі жарылыс көпшілік шырт ұйқыда жатқан уақытта болған. Милицияның болжамы бойынша қаскөйлер жақын жерде орналасқан қабылдау бөлімін нысанаға алуы мүмкін. Себебі осы жерде Донбасста сепаратистерге қарсы күресіп жатқан адамдарға көмек көрсету орталығы бар екен. Айта кетерлігі, бұл – соңғы бір ай ішіндегі екінші жарылыс. Қазір «лаңкестік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!