{metadescription}
0:000:00
Түрме салуға да инвестор тартылады

Түрме салуға да инвестор тартылады

Елімізде абақты салуға халықаралық байқау жарияланбақ. Тіпті  Ішкі істер министрлігі түрме тұрғызу үшін шетелдік инвесторларды шақырғалы отыр. Шетелдіктердің жобасымен соғылатын алғашқы түзету мекемесі алдағы бірер жылда Қарағандыда пайда болуы мүмкін.

Қазіргі таңда Қарағанды әкімдігі мың жарым адамға шақталған түрме салу үшін арнайы жер телімін бөліп қойған. Қонақ үй үлгісінде тұрғызылатын абақтының құны 25 миллиард теңге. Және ол жеке инвесторлардың қаржысына бой көтереді. Осы құрылысқа бүгін шетелдік компанияларды шақырған Ішкі Істер министрлігі бұл табысты жоба деп отыр. Өйткені, кәсіпкер түрме аумағынан өндіріс орнын ашып,сотталушыларды жұмыс күші ретінде пайдалана алады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Ал, Қарағандыда салынатын жаңа түзету мекемесінің жобасы дайындалу үстінде. Ол дайын болған соң мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Тендерге отандық компаниялар да қатыса алады. Алайда басымдық шетелдіктерге берілмек.

СНХ: Жанат Кешубаев, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары:

-Жоспарға сай, 2015-2016 жылдары байқаудың құжаттары дайын болуы керек. Одан соң Үкімет құрылыс жүргізуге халықаралық байқау жариялайды. Сондықтан, бұл байқауға шетелдік инвесторлар да қатыса алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде