Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Бүгін еліміздің егемендігіне 23 жыл. Ұлық мерекені бүкіл Қазақстан тойлап жатыр.
Автор: Жәудір Оразхан
16.12.2014
Тәуелсіздік күніне орай әр аймақта мәдени, спорттық, қоғамдық шаралар мен әш кештері өтуде. Жер-жерде жұрт жиналып азаттығымыздың қадыр-қасиетін талқылап жатыр. Елбасы да Астанада арнайы салтанатты жиын өткізіп, көпшілікті ұлттық мейраммен құттықтады. Қазақстанның қарышты дамуына ерен еңбегі сіңген мың жарымнан астам қоғам қайраткері мемлекеттік марапатқа ие болды. Желтоқсанның 16 мен 17 қазақстандықтар үшін демалады. Бұл күндері еліміздің барлық өңірінде ауа райы да ашық болады деп болжануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!