Ресейге көлік сатып алуға барған отандастарымыз жолда тоналып жатыр
Ақтөбенің жол полициясы басқармасы сақшылары көліктерді тіркеп үлгермей жатыр. Себебі рубльдің құны түскелі көрші елден көлік таситындар көбейген. Соңғы екі аптаның ішінде мыңға тарта темір тұлпар есепке алыныпты. Тағы осыншамасы құжат рәсімдеуге өтініш білдірген. Көліктен өзге ақтөбеліктер іргелес жатқан Орынбордан техникадан бастап, тұрмыстық ұсақ-түйектерді де жаппай сатып алуда. Сол жаққа ағылған халықтың кесірінен шекара бойында ұзын- сонар кезек қалыптасыпты. Дегенмен, Ресейден арзан дүние алуға келген қазақстандықтардың жолын аңдитын барымташылар туралы хабар жиіледі....
Автор: Жаңалық Ахаш
18.12.2014
рақ бұл ақпаратты әзірге ешбір ресми орган растамады.
Ақтөбедегі жол полициясы басқармасында ине шаншар орын жоқ. Рубль құны түскелі мұндағылардың жұмысы екі есеге ауырлапты. Себебі көрші елден көлік тасушылар көбейген. Полицейлер екі апта ішінде мыңға тарта көлік тіркегендерін айтады. Құжатын арқалап кезекке тұрғандардың қарасы әзір сирейтін түрі жоқ.
Омархан Сансызбаев, Ақтөбе облыстық ЖПБ бөлім басшысының орынбасары:
-Тіркеуден өткендерінен бөлек қазір бес жүзден астам өтініш келіп түсті. Ақтөбеге көлікті Орынбор мен Самарадан, Уфадан жеткізіп жатыр. Рубль бағасына қатысты өзгерістен соң көлік тасушылар көбейіп кетті.
Көлік алуға Қазақстаннан келгендердің жолын аңдитын ресейлік барымташылар туралы әңгіме халық арасында тарап кетті. Бірақ екі елдің де тәртіп сақшылары әзірге ешкімнің шағымданбағанын айтады. Ал солтүстіктегі көршілерден көлік алып келгендер сұраныстың көптігінен салондар зауыттан машина жеткізіп үлгермей жатқанын жеткізді.
Лилия Ауенгер, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Сайттан көріп, сатып аламыз деп жоспарлаған көлігіміз біз барғанша өтіп кетіпті. Автосалондары да бос тұр. Сосын айдалған көлік сататын базарға барып алдым. Бағасы біздегіден екі есеге арзан. Қазақстаннан барғандар көп. Орынборға біздің елдің барлығы көшіп кеткендей күйде боласың.
Ал отандық автокөлік салондарының ісі тұралап қалыпты. Олар несиеге алушыларға ғана сеніп отыр. Ал жергілікті базарларда сауда мүлдем тоқтаған. Мұнда сатып алушылардан гөрі сатушылар көп. Көліктен бөлек ақтөбеліктер іргелес жатқан Орынбор қаласынан ұсақ-түйек заттарға дейін сатып алып жатыр. Шекара бойында халықтың көптігінен ұзын сонар кезек қалыптасыпты. Бақылау бекетіндегілер де күні-түні тексеру жүргізуден үлгермей жатқандарын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!