{metadescription}
0:000:00
Жаңалықтар қайта 20:30-да эфирге шығатын болды

Жаңалықтар қайта 20:30-да эфирге шығатын болды

Көрермен тілегі қабыл болды. Редакциямызға түскен cіздердің көптеген өтініштеріңіз бойынша «Жаңалықтар» қызметі өз уақытын өзгертті. Енді бұдан былай КТК тілшілері түсірген өткір де ең өзекті мәселелерді кешкі сағат 20-30-да көрсететін боламыз. Боямасыз ақпараттардан бөлек қызу жұмыс күнінен кейінгі көңіл-күйіңізді серпілтуді де естен шығармадық. Шытырман оқиғалы «Жанқияр патшайым» сериалын, қызыққа толы су жаңа телешоу – «Оңай олжаны» келер аптадан бастап арнамыздан тамашалаңыздар.

Аптасына 5 күн - тек шынайы жаңалықтар! Қарашаның жанайқайынан бастап жантүршігерлік оқиғаларға дейін. КТК тілшілері кең байтақ еліміздің әр өңірінен ең өзекті деген мәселерді ешбір бүкпесіз жеткізеді.

Мыңдаған көрерменнің сұрауымен «Жаңалықтар» уақытын өзгертті. Енді бұдан былай сүйікті жүргізушілеріңіз - Жанат Бақыт, Дастан Шымырбай, Мадина Балғабаева, Ерланби Дәулетияр сіздерді эфирде Астана уақытымен сағат кещкі 20:30-да асыға күтетін болады. Өткір ақпаратты жіберіп алмаңыз. Қашанда көрерменнің көңілімен санасатын КТК арнасы бұдан бөлек тағы да сіздерге арнап су жаңа туындылар ұсынбақшы. Дүйсенбіден бастап сағат 18:45-те Қытайда түсірілген атышулы сериал біздің арнамыздан көрсетіле бастайды.

«Жанқияр патшайым» - бұл Қытайды ең ұзақ билеген әйел Вэй Зифу туралы телехикая. Кедей отбасында тәрбиеленген талдырмаш қыз Қытай патшасының көзіне түсіп, оның сүйіктісіне айналады. Алайда, бойжеткеннің басына қонған бақты көре алмаған императордың өзге әйелдері оның көзін құртуға бар күшін салады. Ақсүйектердің әлемінен соң КТК арнасы сізді бұрын-соңды болмаған мега-шоуға қатысуға шақырады.

-«Оңай олжа» десе, оңай олжа екен мынау. Тек қана жүгіреді де жүреді екенсің. 1 сағаттың ішінде керекті затты алу керек екен.

«Оңай олжа» сағат 19-45-те басталады. Шоуға қатысушылар КТК есебінен киініп, қымбат техника да сатып алады. Бірақ бұл ойынның тек бастамасы ғана. Өйткені, таудай үйілген тауарды үйлеріне тегіннен тегін алып қайту үшін ойыншылар алда әлі сайысады. Ендеше, дүйсенбіден бастап кешкі 6:45-тен КТК арнасын қосуды ұмытпаңыздар. Ең таңдаулы хикаялар, үздік телешоу мен тек қана шынайы ақпарат айтатын Жаңалықтар бағдарламасы сіздер үшін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде