Шымкентте серіктесіне ерегіскен кәсіпкер цехтағы былықты жайып салды
Өзі шығарған өнімге өзі күмән келтірді. Оңтүстік Қазақстанда ірімшік цехының басшысы сапасыз тауар шығарғанын айтып, кәсіпорын жұмысын тоқтатуды сұрады.
Автор: Бек Әбиев
19.12.2014
Өз өнімін жамандап тұрған цех директорының өзі. Жаңа жылдық дастарханға деп шығарылған 19 тонна өнім шіріп, көгеріп жатыр. Қоймасы да мүлдем сын көтермейді. Тоңазытқыштары істен шыққан соң тауар иістеніп кеткен. Санитар мамандарды мекемесіне арнайы шақырған басшы осыны көзбен көріп, шара қолданыңыздар деп қиылды. Сөйтсе, басшының өз-өзіне ор қазуы бекер емес екен. Ол кәсіпорынның екінші қожайынымен акциялар үшін ерегесіп қалыпты. Ал, санитарлық дәрігерлерге басшылардың текетіресі бәрібір. Енді 20 тоннаға жуық ірімшік жойылып, кемшіліктердің орны толтырылмайынша цех жабық тұрады.
Меруерт Серікбаева, ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:
-Көзбен қарағанда сыртқы кейіпі көріп тұрсыздар, қабаты ісінген. Дайындау күні көрсетілмеген. Қолдану мерзімі ірімшікте қойылмаған. Ірімшік жерге дейін жайластырылып орнатылған. Ауа температурасы, тоңазытқыш істемейді. Мұның бәрі өнімдердің бұзылуына әкеліп соғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!