{metadescription}
0:000:00
Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күнінде туған күнін тойлаған

Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күнінде туған күнін тойлаған

Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күнінде Алматыда болмайтынын 15 желтоқсандағы туған күнімен түсіндірді. Бүгін Астанаға жылдық есебін беруге келген Алматы әкіміне тілшілер 7 жылда бірде-бір рет монументке барып тағзым етпегенін бетіне басқан. Әлі әйелінің үйінде тұратын айтқан  Есімовке, брифингте сауал қарша борады. Соның бірі сән және дизайн колледжіндегі жарылысқа қатысты. Әкім осы қайғылы жағдайдан соң ел мектептерінде алғашқы әскери дайындық пәнінің алынып тасталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Есімовке бұл туралы Білім министрінің өзі айтыпты.

-Әйелімнің үйінде тұрамын...

Күлкілі екенін өзі де біледі. Астанаға келіп әлі әйелінің үйінде тұратынын айтқан әкім күллі Қазақстан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін тойлап жатқанда, Ахметжан Смағұлұлы Алматыда болмайды екен. Алып шаһарға әкім болғалы 7 жыл өтсе де, дәл Тәуелсіздік күні бірде бір рет Тәуелсіздік монументіне тағзым да жасамапты. Сөйтсек, Есімов 15-ші желтоқсандағы туған күнін атап өту үшін, қалада қалғысы келмейтін ашық айтты.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

- 15 желтоқсанда қалада болғым келмейді. Сондықтан сыртқа шығып кетем. Бірақ келесі жолы, сол туған күнімде қалада болмасам да, 16-шы желтоқсанда міндетті түрде қалада болам.

Әкімдер рейтингінің көш басынан түспейтін Алматының басшысы  -өзі айтпақшы «барлығына түсінікті болуы үшін» баяндамасын түгел орыс тілінде тілінде жасады. Сан мен жетістікке толы есебі аяқталған соң сұрақ қарша борады. Оның бірі - бүкіл елді шулатқан Алматы сән және дизайн колледжіндегі жойқын жарылыс. Студент қыздың өліміне соқтырып, жиырмаға жуық жасөспірім жарақат алған қайғылы жағдайдан соң, елімізде алғашқы әскери дайындық пәне мүлдем алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Есімовтың жазған хатына жауап берген Білім министрі айтыпты.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

- Министрден жауап келді. Қазір көптеген шаралар қолданылып жатыр. Сондықтан уақыт көрсетер. Ең бастысы, қауіпті қару-жарақты сабақтарда пайдаланбау керек.

Жеткен табысын жиі тілге тиек еткен Есімов Алматы республикалық бюджеттің басты доноры деп мақтанды. Ал соңғы уақытта тым артып кеткен жол апатын азайтуға да тырысатынын айтты. Жол демекші, метроның құрылысын мықтап қолға алған әкім келер жылы "Сайран" және "Мәскеу" станцияларын іске қоспақшы.

-Оңтүстік астана басшысы бүгін Алматының экономикасы сол күйі асқақтап тұр деумен болды. Тіпті, әлем елдері бас тартып жатқан Қысқы Олимпиада мен Универсиададан ешқандай шығынға батпаймыз деп сендірді. Сөйтіп, астаналық тілшілер екі сағаттай қыспаққа алса да қалжыңға жүйрік әкім сөзден ұстатпаған күйі жылы жаққа қарай қайтадан ұшып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.