Досаев Байқоңыр тұрғындарына көмектесуден бас тартты
Министр Досаев рубльдің құлдырауынан қалтасы қағылған Байқоңыр тұрғындарына көмектесе алмайтынын айтты. Алайда, мұндай жауап бүгін сенаторларға жақпай қалды. Сондықтан айлақтағы жұртқа қазақ Үкіметінің дереу көмектесуін талап етіп отыр.
Автор: Гүлнұр Имандосова
19.12.2014
Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:
-Байқоңыр қаласынан бір топ бизнесмен азаматтар телефон шалды. Онда көптеген біздің азаматтарымыз Ресейдің бюджеттік мекемелерінде жұмыс істейді. Ақшаны рубльмен алады. Олар бұрын 10 мың рубль алса, ол теңгеге шаққанда 50 мың еді, қазір 30 мың болды. Олардың көбі несие алған, кәсібі бар. Осылардың бәрі қиналып жатыр.
Орыс ақшасымен жалақы алатын мұндағы қазақтар да зар жылап отыр. Рубль құлдырағалы, айлықтары шайлықтарына жетпей қалған. Ал Мәскеуге айлақпен қоса жалға берілген отандастарына Үкіметтегілер көмектесе алмаймыз дейді. Яғни, Ресей кәсіпорында істейтін жерлестеріміздің мәселесін сол елдің өзі шешуі қажет. Тіпті министр Досаев Байқоңыр тұрғындарының жалақы мен зейнетақыны теңгемен алу жөніндегі ұсынысын орындай алмайтынын мәлімдеді.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Байқоңырда жұмыс істейтін азаматтарымыз туралы. Олар Ресей кәсіпорындарында жұмыс істегендіктен жалақылары Ресей рублі болған. Бірақ,ол жұмысшылардың мәселесін Ресей шешу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!