Оралда 4-інші сынып оқушылары наразылық шарасын ұйымдастырды
Оралда оқушылар қарсылық шарасын ұйымдастырды. 4-ші сыныптың ұл-қыздары мен ата-аналары сынып жетекшісінің жұмыс орнында қалуын талап етуде. Олардың наразылығын тудырған жасы келген ұстаздың зейнеткерлікке шығарылуы екен.
Автор: Олжас Байжан
22.12.2014
Қарсылық акциясын өткізу үшін алысқа бармай-ақ Селекционный елді-мекеніндегі №12 мектептің үлкен залы таңдалыпты. Оқушылар қолдарына «ұстаз қайта оралсын» деп жазылған плакаттарын ұстап шыққан. Осы сыныптың жетекшісі 35 жылдық тәжірибесі бар Людмила Конева болған екен. Бірақ зейнетке шыққан күні-ақ басшылық оны жұмыстан босатып, орнына адам алып қойыпты. Бірақ оқушылар сол үйреніскен ұстаздарын қайтаруды талап етуде.
Людмила Конева:
- Осы балалармен жылдың соңына дейін жұмыс істеуді сұрадым. Мамыр айында өзім-ақ кетер едім. Себебі оқу жылы аяқталады. Сол кезде барлығымен қоштасып, ешбір реніш болмаушы еді. Бірақ зейнеткерлік жасқа толсам да әлі еңбек еткім келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары