{metadescription}
0:000:00
Алматыда мемлекеттік бағдарламамен берілген үйге су, жарық не жылу қосылмаған

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен берілген үйге су, жарық не жылу қосылмаған

Алматыда кезекті баспана дауы! Бұл жолы Алғабас ықшамауданының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша қол жеткізген пәтерлеріне кіре алмай жүр. Себебі, 1 ай бұрын ғана пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысының сапасыз екені былай тұрсын, онда су мен жарық, тіпті, қыс ортасында жылу да жоқ. Сондықтан жұрт биылғы қысты тағы да пәтер жалдап өткіземіз бе деп алаңдаулы.

Бұл – көптен бергі арманына жетіп, бірақ артынан қуаныштары су сепкендей басылған жұрт. Осындағы жүзден астам отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер кілттерін бір ай бұрын алған. Бірақ 9 қабатты екі тұрғын үйдің сырты әдемі болғанымен, бар гәп ішінде.

Қуаныш Жаппасбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Әлі бір пәтерге жұрт көшкен жоқ. Неге дейсіз ғой? Біріншіден жылу жоқ. Екіншіден, жарық та қосылмаған. Су жоқ әрине жылу болмаған соң.

Қоныс тойын тойлаймыз деп келіп, бармағын тістеп қалғандардың арызы тек мұнымен бітпейді. Тұрғын үйдің сапасына да көңілдері толмай отыр. Себебі, «пәтер ішіне жүргізілген жұмыстар да қалай болса солай істелген»  дейді жұрт.

-Асты тесік. Енді оны былай жабайын десем жабылмайды. Қараңыз, ауыздан бу шығып тұр. Жылу жоқ. Батарейден ағып жатыр. Ламинаттың бәрі көтеріліп кеткен. Міне осындай жағдай. Келіп, қол қойғызып алды. Қол қоймасаңдар кілт бермейміз деп.

Енді тапқанын тірнектеп жинап әрең дегенде өз баспанасына қол жеткізгендер жылу мен жарықты қосып, суды тартпайынша бір тиын да несие төлемейміз деп отыр. Осыны айтып талай жерге шағымданғанымен, еш нәтиже жоқ.

Әділ Тұрғынбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Әкімдікке хат жаздық. Олар дұрыс жауап бермейді. Күте тұрыңдар дейді. Қанша күтуге болады? Мында тұрмасақ та, баспана үшін ақша төлеп жатырмыз. Оның үстіне пәтерақы тағы бар.

Жұрт жиналды дегенді естіп келген шенеуніктердің ең болмаса кезекті уәдесін беруге шамалары келмеді. Тұрғын үй басқармасынан келген мына қызметкер ұялы телефонмен ұзақ сөйлесіп тұрды да, ақыр соңында қаша жөнелді.

Жұрт 7 жылда қол жеткізген баспаналарының жылы әрі ыңғайлы болғанын ғана талап етіп отыр. Енді жуық арада оң нәтиже болмаса, жаппай сотқа шағым түсірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде