{metadescription}
0:000:00
Қарағанды облысының экс-әкімі жаңа жылдық кешті абақтыда қарсы алады

Қарағанды облысының экс-әкімі жаңа жылдық кешті абақтыда қарсы алады

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев жаңа жылды тергеу абақтысында қарсы алатын болды. «Лауазымын асыра пайдаланды» деген айыппен тұтқындалған бұрынғы әкімнің тергеу мерзімі осымен екінші рет ұзартылып отыр.

Естеріңізге салсақ, Бауыржан Әбдішев қыркүйектің 23-інде қамалған. Енді Қазыбек би аудандық сотының кезекті шешімімен сол жерде 23 қаңтарға дейін отыратын болды. Тергеу мәліметтері бойынша, облыстың бұрынғы әкімі мемлекеттік тапсырыстарды таныстарына үлестіріп отырған. Оның бірі жол төсеуіштерін жасайтын зауыт болса, екіншісі көшелерге жарық бағаналарын орнатумен айналысқан фирма. Ал экс-премьер-министр Серік Ахметов жаңа жылды айналасы шыршамен қоршалған зәулім сарайында қарсы алады. Қарағанды облысының бұрынғы басшыларының былықтары әшкереленген істе ол да күдікті ретінде танылғанымен, темір торға емес үйқамаққа алынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде