{metadescription}
0:000:00
Шымкентте жойқын жарылыс 8 отбасын далада қалдырды

Шымкентте жойқын жарылыс 8 отбасын далада қалдырды

Шымкенттегі жойқын жарылыстың нақты себептері анықталып, салдары жойылуда. Көпқабатты тұрғын үйдегі оқыс оқиға сенбінің кешінде болған. Газ жарылған кезде үйдің қабырғалары тұтасымен опырылып, 8 пәтерлік үй қазір адам тұруға жарамсыз болып қалды. Қайта жарылыс кезінде үйлерінде болған 23 адамның бәрі аман. Бір мезетте баспанасыз қалған тұрғындардың жартысы туыстарының үйін жағалап кетсе, қалғаны уақытша берілген жатақханаға орналастырылды. Қақаған қыста далада қалған жандардың жай-күйін тілшіміз Бек Әбиев біліп қайтты.

Сенбі күні кешкі сағат 6-лар шамасында мына екіқабатты үйде жойқын жарылыс болған. Күштілігі сондай тұрғызылғанына жарты ғасырдан асқан ғимараттың қабырғасы қақырап құлады. Құдайдың қаққаны болар бұл кезде үйде болған 7 бала мен 16 ересектің бәрі дін аман.

Ал, мынау жарылыс болған пәтер. Осында үй иесі Роза Корчагинаның өмір бойы жиған-тергенінің барлығы, құжаттарымен қоса күлге айналды.

Роза Корчагина, зардап шегуші:

-Кешкі ас ішпек болып, асханаға кірдім. Сіріңке жағып, газға  жақындатқаным есімде, ары қарай бәрі түс секілді. Сұмдық жарылыс болып, үстіме қабырға құлады. Үйіндінің астынан әупірімдеп шыққанымда, пәтерімнің өртеніп жатқанын көрдім.

Ал қалған 6 пәтердің тұрғындары өрт сөндірушілердің көмегімен мүлкін туыстарына тасып әкетті. Жарылыс шыққан үйге өңір басшылығы тайлы тұяғы қалмай келген.

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі:

-Бұл жерде газ шыққан. Газдың шыққан себебінен жарылыс болған. Қазір, бұл бойынша мен өз қаулыммен комиссия құрылды. Қазір мына 8 пәтердегі тұрғындардың барлығын уақытша қорытынды шығып, оларға өтемақы бергенше біз бір жерге орналастырамыз. Төтенше жағдайдан кейін зардап шеккен тұрғындарды әкімдік мына жатақханаға орналастырды. Әзірге мұнда тұруға келіскен 4 отбасы ғана. Қалғандары туысқандарын жағалап жүр.

Барар жері жоқ Руслан Валиев сияқтыларға мынандай бір бөлмеден берілді. Тұрғындардың ойынша, жарылыстың шығуына тұрғынүйдегі газ құбырларының ауыстырылуы себеп.

Руслан Валиев, зардап шегуші:

-2011 жылы газ құбырлары ауысқан. Содан бері газ иісі шығатын. Басқа пәтерлерді қайдам подъезд ішінде тіпті демалудың өзі қиын-тын.

Төтенше оқиғаның орны алуына нақты не себеп болғаны бір аптадан кейін белгілі болмақ. Әзірге жатақханадағы жапа шеккен жұртқа ас-суына дейін әкелініп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде