Елбасы мен журналистер кездесуі қоғамда қызу талқыланып жатыр
Президент пен тілшілердің кездесуі қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, әлеуметтік желіде айтылып жатқан әнгіме көп. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бір топ журналистерді қабылдап, сұхбат берген. Оған елдегі 8 жетекші телеарнаның өкілдері қатысты. Кездесу ресми болғанымен, әңгіменің бәрі еркін өрбіді. Мәселен, рубль бағамы, оның Қазақстанға әсері, Украинадағы жағдай, Алматыда олимпиада өткізу сынды тақырыптардан өзге махаббат пен өнер, Елбасының киім үлгілеріне дейін де әңгімеге арқау болды. Тіпті ән де шырқалды бұл күні.
Автор: Құралай Пионер
22.12.2014
Міне, Президент пен қазақ ақпарат құралдары өкілдерінің емен-жарқын әңгімесі басталды. Әрине, арасында Нұрсұлтан Назарбаевпен бұрын да жүз көріскендері бар. Ал сұхбатқа арқау болған бірінші кезекте мұнай бағасының түсуі, Ресейдегі экономикалық ахуал, оның елімізге әсері сынды тақырыптар. Елбасы бұл ретте халықты еш алаңдамауға үндеп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Пусть население Казахстана не волнуется. У нас есть план на 70 долларов цены на нефть, на 60 долларов, на 50, на 40 долларов. И этот план лежит у меня под сукном, как говорится. Почему смело я могу это сказать? Потому что у нас есть резервы для этого, на такой черный день, который может поддержать население, не ухудшать их жизнь, то есть, пусть будут спокойны.
Президент Украинадағы жағдайға да тоқталды. Бұл ретте Қазақстанның ұстанымы соғысты тоқтатып, мәселені тек келісіммен шешу.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Я считаю, что Казахстан одинаково относится к России и Украине. У нас нет никакого конфликта интересов. Я - тот объективный менеджер, который не поддерживает никакую сторону, занимает нейтральную позицию и может внести конструктивную лепту.
Бұдан өзге журналистер Президентке «Нұрлы жол» бағдарламасы, қазақ демографиясы мен әлеуметік жағдайы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды тақырыптарда сауалдар қойды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Енді жағдайымыз түзелгеннен кейін тарихымызға, рухани жағымызға көңіл аударуымыз керек деп есептеймін. Сондықтан, хандықтың 550 жылдығы біз үшін өте қажет. Әсіресе, жастарға керек.
Саясат пен экономикадағы ауыр әңгімелерден кейін сұхбат соңы президенттің киім үлгісі, хоббиі, өнер мен тіпті махаббат тақырыбында өрбіді. Жігітке жеті өнер де аз дегендей, соңғы уақытта Президент сурет сала бастаған екен.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Знаете, летом этого года я отдыхал неделю. Смотрю: дети рисуют и им помогает женщина. Я понаблюдал и подумал: а почему бы и мне не попробовать рисовать? Я когда-то увлекался этим в школе. Затем, когда был в Сарыагаше, нарисовал местный пейзаж.
Елбасының тәп-тәуір ән салатыны да жасырын емес. Сондықтан «әу» деуге қолқа салған тілшілердің өтініші бірден орындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!