{metadescription}
0:000:00
Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның шығысындағы соғысты тоқтату үшін арағайындық жасауға кірісті. Бүгін Киевке ресми сапарымен барған Елбасы әріптесі Петр Порошенкомен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыға салды. Негізгі тақырып әрине Донецк пен Луганск облысындағы кескілескен ұрысты тоқтату. Бұл ретте ресми Астана бейбіт келіссөздердің барлығын қолдап отыр. Ал Киев өз тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығын қолдаған Қазақстанның ұстанымына алғысын білдірді.

Күтпеген жерден Украинаға ұшып  келген Қазақстан Президентінің жұмыс кестесі өте тығыз.Сондықтан ұшақтан түскен бойда Петр Порошенконың резеденциясына барды. Мемлекет басшыларының екеуара әңгімесі протокол белгілеген уақыттан асып кетті. Кейін тілшілерге шығып мәлімдеме жасаған қос президент басты тақырыптың Донецк пен Луганск облысындағы соғысты тоқтату жайы болғанын айтты.Әсіресе, Порошенко Украина жерінің тұтастығын талап еткен ресми Астананың ұстанымына алғысын білдірді.

Петр Порошенко, Украина Президенті:

Украинаның егемендігі мен терреториялық тұтастығын Қазақстанның әрдайым ашық қолдағанын айтқым келеді.Президенттің бүгінгі сапары мүның бір тағы дәлелі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украинаны бітімге келуге шақырды. Өйткені Еуроодақтың салған санкциясы геосаяси жағдайды ушықтырып отыр. Сондықтан Елбасы тығырықтан шығудың жолдарын қарастыруға кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Болар іс болды. Бұл Украина үшін сұмдық жағдай.Тіпті қорқынышты түстен бетер.Жағдай осылай ушығып азамат соғысына ұласатынын ешкім болжаған жоқ.Экономиканы көтерудің орнына осындай іспен айналысып жүрсіздер.

Украинаның Шығысындағы жағдайдан өзге екі ел арасындағы байланыс та сөз болмай қалмады. Соңғы екі жылда Украина мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 30 пайызға түсіп кеткен. Оны тараптар жандандыруды көздеп отыр. Оған дәлел ретінде Екібастұздан бұл елге көмір жеткізілетін болды. Ал арағайындық танытып «әділ менеджер болуға дайынмен» деген Назарбаев соғыс өртін өшіруге үлес қоспақ.

-Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға сапары бірнеше сағатқа ғана  созылды. Арағайындық танытуға келген Елбасы Украинаның Шығысындағы соғысты тоқтатуға Порошенкомен қандай келісімге келгені белгісіз. Ал Қазақстан Президенті Киевтен тура Мәскеуге ұшып кетті. Онда ол ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының отырысына қатыспақ. Бұл басқосуда да Украина мәселесі талқыланатыны айдан анық.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде