Павлодарда құсқа қиянат қылған адамның ісі қайта қаралмақ
28 жастағы Евгений Хлыстун бірқазанды қорлағаны үшін істі болған. Бірақ оған сот рақымшылық жариялап, еш жаза қолданбаған еді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
24.12.2014
Қылмыстық іске мына бейнетаспа арқау болды. Ертіс өзенінде қайық мінгендердің жаралы бірқазанды азаптаған бейнетүсірілімі ғаламторға осыдан екі ай бұрын түскен. Дәл осы оқиғадан кейін қосқанатты ұшты-күйлі жоғалып кеткен екен. Ал күдікті Евгений Хлыстун құсты алты жыл бұрын жай ғана таспаға түсіріп, кейін босатып жібергенін айтты. Сөйтіп жазадан құтылған. Алайда шешіммен табиғат жанашырлары келіскен жоқ. Осылайша тараптар бүгін сотта қайта кездесті. Енді қылмыс дәлелденсе, Хлыстун үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!