Қостанай облысында диқандар тұқымсыз қалды
Ал қостанайлық диқандар келер жылға алаңдап отыр. Өйткені, көктемде егін егу науқанын бастауға тұқымдық астықтары жеткіліксіз. Күздегі толассыз жаңбырдың кесірінен көбі тұқым даярлап үлгермеген. Енді кемі 115 мың тонна бидай қажет.
Автор: Елгүл Нұғман
24.12.2014
Қостанай облысында астықты дер кезінде жинап алғанымен, бидай сапасыз болып тұр. Ал, тұқым даярлайтын қожалықтар мен шаруалар арасында бәселелестік туған. Сапалы тұқым жеткіліксіз. Соның салдарынан астықтың бағасы екі есеге қымбаттаған. Ал, жергілікті билік тығырықтан шығудың жалғыз жолы – субсидиямен несие беру деп отыр. «Бірақ, пайызы жоғары несие шаруаларды тек шығынға батырады»,- дейді кәсіпкерлер.
Александр Бородин, шаруа қожалығының басшысы:
–Он пайызбен несие беру тиімсіз. Бұл шаруаларды тонау ғой. Бірақ шығар жол жоқ. Осыдан кейін шаруалар шығынға ұшырап,тақырға отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!