Ақмола облысында қар астында қалған астық енді малға жем болып жатыр
Ақмола облысында қар астында қалып қойған астық малға жем болды. Бурабай ауданының шаруа қожалықтары күзде малмандай су болған бидайды көктемде орып аламыз деп отырған. Бірақ, енді мыңдаған гектар алқапты төрт түліктен қорып әлек. Диқандар егістікті жайпап жатқан малдың кімге тиесілі екенін де білмейді. Бір қызығы, биылғы бітік шыққан бидайға табын сиыр мен үйір-үйір жылқы түнде кіреді екен. Сондықтан шаруалар мұны қасақана әрекет пе деп те күдіктенеді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.12.2014
-Бұл аргарлы облыс Ақмоланың бір ғана округіндегі жағдай. Ауа райының қолайсыздығынан онсыз да шаш етектен шығынға ұшыраған шаруалар қар астында қалған астығын көктемде жинап алып пайда табамыз ба деп сенген еді. Енді сол сенімдері де ақталмайтын сияқты.
Мына шаруалар мыңдаған гектар астығы ысырап бола ма деп түнді таңға ұрып, егістікте мал қуумен жүр. Әбден қажыған олар сол үйір-үйір жылқы мен табын сиырдың иесін де таба алатын емес. Білетініміз маңайда Астананың шенеуніктерінің малы бағылатыны. Бақташылар да төрт-түлікті қоя беріп, қашып жүреді,-дейді.
Болат Қожахметов, шаруа:
-Біз жылқы күзетіп жүрміз қазір. Қай уақытта кіріп кететінін. Кім бізге болысады.Кім бізге істеген еңбегімізге қарайды. Түсіне алмай қойдық. Анаған сілтейді мынаған сілтейді. Акиматта да болдық.Өзімізбен өзіміз ешкімге керегі жоқпыз.
Алексей Щвецов, шаруа:
-Ауыл шаруашылығы бөліміндегілер қайда? Салық төлейміз. Алдымен солар бізге егінді құлатып барып жинаңдар деген. Бірден жинағанда үлгерер ме едік. Кабинеттерінде отыр, астық түгел жиналды деп баяғыда есеп берген.
Аудан басшылары да астығы ысырап болып, абдыраған диқандарға қол ұшын созуға құлықсыз. Әкімнің өзі тілшілерді көрген бетті мән-жайды сұрауға мұршасы болмай, тұра қашты. Ақыры шенеуніктер сотқа шағымданыңдар деп шаруаларға өздерінше кеңес беріпті. Бірақ иелері табылмай отырғанда, енді малдың өзіне қарсы арызданбаса, диқандарда басқа амал жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!