{metadescription}
Осы жылдағы соңғы отырысын өткізген депутаттар жаңа жылды тойлауға әзірленіп жатыр
Осы жылдағы соңғы отырысын өткізген депутаттар жаңа жылды тойлауға әзірленіп жатыр

Осы жылдағы соңғы отырысын өткізген депутаттар жаңа жылды тойлауға әзірленіп жатыр

Депутаттар жаңа жылды тойлауға кірісті. Бүгін мереке алдында үзіліс алған Мәжіліс осы жылдағы соңғы отырысын өткізді. Халық қалаулылары сессия басталғалы елуден астам заңды Сенатқа жолдап, батасын алған. Тіпті әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы, экономикалық дағдарыс кезінде кейбір заңдарды қайта қарап, қауырт қызмет қылдық деп отыр. Депутаттар жаңа жылды қалай тойлайды және кіммен қарсы алады?

Мәжіліс жаңа жылға қызу дайындық үстінде. Тіпті 5 метрлік шырша да орнатылған. Осындай мерекелік көңіл-күйдің әсерімен бүгін төменгі палата осы жылдағы соңғы жалпы отырысын өткізді. Бұған депутаттарды айтпағанда, спикердің өзі де, балаша қуанды.

Қабиболла Жақыпов, Мәжіліс төрағасы:

-Жылдағы  ақырғы  отырысымыз. Мен де, 1-2 ауыз сөйлейін. Содан кейін әр жағын көрерміз. Бүгін жақсы жұмыс істедік. Жыл сайын осылай жұмыс істесек,сіздерді марапаттауға болады.

Марапат дәметкен депутаттардың жұмысы қызғанда, соңғы отырыстан  Ауыл шаруашылығы министрі қалып қоя жаздады. Асылжан Мамытбеков оқушы секілді жиынға кешігіп келді.

-Асылжан Сарыбайұлы, Сіз Аяз Ата емессіз ғой. Бұдан кейін кешікпей келіңіз.

Бірақ Аяз атаға Мамытбеков емес, депутаттар көбірек ұқсады. Тым жомарттық танытып, 3 сағат ішінде ондаған заң жобасын бекітіп берді. Бұған ерекше қуанған министрлер отырыстан көңілді шықты.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Бұл жыл деген өте қызық. Біраз шаралар өтті,  мына сыртқы экономикалық ахуалдар,  жағдайлар әсерін де беріп отыр. Бюджетті нақтылау үшін 2 рет келдік.

Ал 4 ай бойы тынымсыз еңбек еттік деген мәжілісмендер Жаңа жылда шетелге шықпаймыз деп сендіруде. Көбісі мерекені отбасының жанында, елде қарсы алмақ.

Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты:

-Емделуге жүрейін деп отырмын, Оқжетпеске қарай. Басқа бір отырыс, анау-мынау деген өзімде жоспарланған жоқ.

-Осылайша, халық қалаулылары жаңа жылды тойлауға асығып жатыр. Бірі сыйлық алу қамына кіріссе, депутат ханымдар мерекеде киетін киімдерін таңдауға кіріскен. Сөйтіп, Мәжілістің жаңа жылдық кешіне қызу дайындық үстінде. Ал, төменгі палатаға енді келер жылы яғни, қаңтардың 5-інде бір оралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде