Ұлттық банк алыпсатарларға қарсы ауқымды күрес жариялады
Ақша айырбастау нүктелерінде алыпсатарлыққа жол жоқ. Ұлттық банк валюта айырбасына қатысты арнайы қаулысының уақытын ұзартты.
Автор: Олжас Байжан
24.12.2014
Ол бойынша валютаны сату және сатып алу курсы белгіленген мөлшерден аспауы тиіс. Алыпсатарлардың әрекетінен сақтану үшін Ұлттық банк биылғы жылдың 11-ші ақпанында осы қаулыны қабылдап, доллар бойынша бұл айырма 2 теңге, ал еурода 3 теңгеден аспауын қадап айтқан. Сол қаулының мерзімі енді 2015-ші жылдың 10-шы ақпанына дейін ұзартылып отыр. Яғни осы уақыт аралығында курс өзгермеуі тиіс. Талапты орындамағандар Ұлттық банктың санкциясына ілігеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!