Премьера: «Мамы-3» көрермендерін күтеді
Аналарды ұмытпайық. «Меломан» компаниясы Жаңа жыл қарсаңында ең әсерлі комедияны ұсынады. Кино әрбір адам баласы үшін ең аяулы жан – аналар жайында. «Мамы-3» деп аталатын туындыда бір топ ана жаңа жылдық мерекені бірге қарсы алу үшін алыс кеткен балаларын іздеп жолға аттанады. Баласы қанша есейсе де, әлі сәбиіндей көретін жандар онда түрлі кедергілерге тап болып, талай адасады да. Шытырман оқиғаларға толы фильм, әсіресе, шешесінен шалғайда жүрген ұл-қыздар үшін аса әсерлі болмақ.
Автор: Аруна Ортай
25.12.2014
Аналарды бір сәт те де естен шығармайық! Ұл-қыздарын әбден сағынған аналар жаңа жылды бірге қарсы алу үшін балаларын іздеп, алыс жолға аттанады. Алайда олар мінген ұшақ қолайсыз ауа-райының кесірінен мүлдем бөтен қалаға тап болады.
-Мама бәріне шыдауы керек...
Балаларына жеткенше асыққан 3 ана тығырықтан шығудың жолын іздей бастайды. Бөтен қалада олар тосын жағдайларға кез болады. Кино комедия жанрында түсірілгенімен, онда әрбір ересектің есінде сақталған аналық мейірім басымырақ. Туынды есейген шақта ұмыт қалатын аса ыстық естеліктерді түгелдей еске түсіреді. Отбасылық комедияда Анастасия Заворотнюк, Гарик Харламов секілді ресейдің кілең атақты жұлдыздары ойнаған.
Анастасия Заворотнюк, актриса:
-Құрметті көрермендер. Жаңа жыл қарсаңында жаңа фильм шығып отыр. Сонда мен басты рөлді сомдаймын. Туындыны көріп бағасын беріңіздер.
«Enjoy Movies» студиясы түсірген кино алғашқы көрсетілімінен-ақ ақ жаулықты аналарға қатты ұнаған.
-Қызық кино, әйбәт. Ұнады маған. Жақсы ұнады, балам. Рахмет.
Ендеше, ананың ыстық алақанын сіз де қатты сағынсаңыз, 25-ші желтоқсаннан бастап кинотеатрларға асығыңыз. Комедияны елімізге «Sony», «Disney» және «Enjoy Movies» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы арнайы ұсынып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!