{metadescription}
0:000:00
Қатерлі сырқатқа шалдыққан Нұрсұлтанға шұғыл көмек керек

Қатерлі сырқатқа шалдыққан Нұрсұлтанға шұғыл көмек керек

Нұрсұлтанға көмек керек.Алты жасар бала эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан. Денсаулығы күн санап нашарлаған бүлдіршіннің өміріне Израиль дәрігерлері араша түсуге уәде етіпті. Тек оған 4 миллион  теңгедей керек.

Нұрсұлтан сау туылған. 11 айында жүріп, анық сөйлей бастаған еді, - дейді анасы. Бар бәле бүлдіршін 2 жасқа толғанда полиомиелитке қарсы екпе қабылдағаннан кейін басталыпты. Вакцинадан соң ол есінен айырылып, ауруханаға түскен. Содан беті бері қарамаған, керісінше, жиі қалшылдап, жерге құлайтынды шағарды. Қазір жағдайы мүлдем мүшкіл. Бала басын ұстап жиі мазасызданады. Нұрсұлтанды қарадай мүгедек қылғандарын Түркістанның дәрігерлері мойындап отыр. Айығып кетуіне көмектесе алмайтындарын да бір тілім қағазға жазып беріпті. Ол аздай шымкенттік ақ халаттылар 4 жыл бойы Нұрсұлтанды шетелде операция жасау үшін мемлекеттік квотаға кезекке қойдық деп алдаған. Енді кезек күтуге баланың шамасы жоқ. Амалы таусылған ана Астанада көмек сұрап жүр. Жақында Израиль дәрігерлері кішкентай Нұрсұлтанға ота жасауға дайынбыз деп хат жіберген.

Гүлжайна Жүсіпова, Нұрсұлтанның анасы:

-  20 мың долларды жинап берсе екен. Көрген адамдар түсінетін шығар менің жағдайымды. Көрмегенім жоқ. Әкесі болса қашып жүр. Алимент төлемейді, 1 тиын бермейді, көмектеспейді бізге.Израиль 1 айдың ішінде келіңіздер деп отыр, 10 күні өтті. Енді осы балам үшін жар құлағым жастыққа тимейді, тамақ та өтпейді.

Отбасының байланыс телефоны: 8 775 790 22 85, 8 777 345 40 98

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.