Атырауда полиция қызметтік көлігімен адамдарды басып өлтіре жаздады
Атырауда тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен 2 адамды қағып кетті. Оқиға куәгерлері түсіріп алған жазба нашар болғанымен, онда жол шетінде тұрған жол полициясының машинасы мен жерде ауырсынып жатқан әйел адам анық көрінеді.
Автор: Жанар Низамутдинова
25.12.2014
Бейнежазба әлеуметтік желілерде шыққанда жол полициясы басшылары бастарын ала қашқан. Кейін өздерінің қызметкері екенін мойындауға мәжбүр болды. Таратқан ақпараттарына қарағанда, полицейлер отырған «Шкода Октавиа» маркалы көлік көктайғақта 61 жастағы әйел мен 16 жастағы баласын басып кеткен. Алайда, зардап шеккендер арызданбапты. Десе де көлік тізгініндегі тәртіп сақшыса жауапқа тартылғанын айтып отыр басшылары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!