Назарбаев соғыс ардагерлеріне сыйлықтар жөнелтіп жатыр
Жаңа жыл алдындағы қарбаласта Ұлы Отан соғысы ардагерлері де ұмыт қалмады. Әр аймақтағы майдангерлерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атынан құттықтау хаттар мен сыйлықтар табысталып жатыр. Президенттің сәлемдемесін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев та жеткізді.
Автор: Сандуғаш Шортанова
26.12.2014
-Сіздің замандастарыңыздың соғыстағы ерліктері мен бейбіт жолдағы еңбектері, сондай-ақ ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі – шын мәнінде елге мұра, ұрпаққа өнеге...
Мемлекет басшысының құттықтауы ардагерлерге жігер берді. Қой жылы еліміз үшін мерейтойға тола болмақ. Соның бірі – Ұлы жеңістің 70 жылдығы. Еліміз бойынша 5100 ғана майдангер қалды. Олардың 66-сы Маңғыстау облысында тұрады. Жаңа жылға дейін барлығына Президент атынан жеміс-жидек пен мерекелік дастарханға қажет азық-түлік толтырылыған себет үлестіріледі.
Өмірзақ Озғанбаев, Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы:
-Қазір ардагерлеріміздің көбі 90-ға келген, 90 жасқа таяп қалған азаматтар. Олардың көбі төсекке таңылғандар. Олар тәуелсіздік алған Қазақстан, бүгінгі қоғамымыздағы табыстарды көріп, қуанып, жан тәнімен елбасы саясатына қолдау көрсетіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!