Шу қаласын күл-қоқыс басып барады
Жамбыл облысындағы Шу қаласын күл-қоқыс басып барады. Жұрттың айтуынша, шаһардан шыққан қалдық біткеннің бәрі үйлердің дәл іргесіне төгілуде. Соның кесірінен тау-тау қоқыс үйіліп, жел тұрса ауланы көміп қалады екен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.12.2014
Бұл көріністі шарасыз күйге түскен жергілікті тұрғындар түсірген. Сөздеріне сенсек, бірнеше жылдан бері осы жайсыз жағдай қайталануда. Әсіресе, жаздың күні қолқаны қапқан иістен тыныс алу мүмкін емес. Санитарлық талаптан жұрдай аумақтан ауру жұға ма деп те қауіптенеді. Сондықтан бұқара жауаптылардан алаңды тазартуды талап етуде. Ал, атқамінерлер дәрменсіз екендерін мойындап отыр. Олар тұрмыстық қалдықтардың түгін қалдырмай шығарғанымен, тұрғындардың өздері қайта төгіп кетеді деп ақталды. Ал оны жиі жинатуға қаржылары жоқ екен. Сондықтан заңсыз қоқыс полигонының басына арнайы күзет қоюды ұйғарыпты. Алайда оның қашан жүзеге асары беймәлім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!