{metadescription}
0:000:00
Сенат жылды қортындылап жаңа жылды тойлауға кірісті

Сенат жылды қортындылап жаңа жылды тойлауға кірісті

Бүгін Сенат жылды қортындылап, жаңа жылды тойлауға кірісті. Бір жыл ішінде жоғарғы заң шығарушы орган жүзден аса заңды бекіткен. Депутаттардың басым бөлігінің өз істеріне көңілі толады екен, тіпті сынауға еш негіз жоқ деп есептейді. Сенаторлар жаңа жылды қайда және кіммен қарсы алады? Және қандай сыйлық күтеді?

Жоғары палатаның осы жылдағы соңғы жиыны әдеттегіден аса ерекшеленбеді. Сенаторлар Мәжілістегі әріптестері сынды апта бұрын шырша жағып, мерекелік көңіл күйге бөленуді жөн көрмеген.Жалпы сенаторлар биыл жүзден аса заң қабылдапты. Үкіметке талай рет қатаң ескерту жасағанымен, бір де бір құжат кері қайтарылмапты.

Сондықтан, халық қалаулылары осы жылы атқарған жұмыстарына көңілдері толатынын жасырмады.

Дулат Құсдәулетов, Сенат депутаты:

-Үкіметтің басты заң жобасы десек, ол -  бюджет. Ол да қабылданды. Соның бәрін қарағанда, біз ойлаймыз, біздің көңіліміз орнықты. Шала жұмыс істеді деп бізге сын айтуға орын жоқ.

Сенаторларға арқаны кеңге салып жүруге де рұқсат жоқ. Спикер әлемдегі ушыққан геосаяси жағдайды Сенаттың үнемі бақылауда ұстау керектігін ескертті. Сондай-ақ, 1-ші қаңтардан  жұмысын бастайтын Еуразиялық экономикалық одақ аясында ел мүддесін қорғау үшін депутаттарды бас көтермей еңбектенуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Сенат төрағасы:

-Құрметті сенаторлар, алдағы 2015 жылы бізді жүйелі түрде жүргізілетін күрделі жұмыстар күтіп тұр. Сіздерді бірлесіп атқарған жұмыстар үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын.

Осылайша  соңғы отырысты көңілді аяқтаған сенаторлар кіре берісте Жаңа жылды қалай қарсы алатындарын және кімдерден сыйлық күтетіндерін айтып, ағынан жарылды.

Бірғаным Әйтімова, Сенат депутаты:

-Жаңа жылға әлі алған жоқпын. Жолдасым сыйлап беретін шығар деп отырмын, бірнеше күн бар ғой.

Бірақ, Жаңа жылды тойлауды бастап кеткен депутаттар да бар. Бір қызығы сенаторлар бірге емес, комитет комитетке бөлініп мерекені атап өтеді екен. Сондай көңілді кештен шыққан халық қалаулыларының кейбірі  денсаулығының сыр беріп, ауырып тұрғандарын жасырмады. Қысқасы, олардың сауық сайран құруға әлі уақыттары бар. Енді сенаторлар Есілдің сол жағалауына қаңтардың 5-і күні оралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.