{metadescription}
0:000:00
ОҚО-да жалақы алмаған шипажай қызметкерлері шу шығарды

ОҚО-да жалақы алмаған шипажай қызметкерлері шу шығарды

Оңтүстік Қазақстанда балалар шипажайының қызметкерлері жалақы ала алмай жүр. Сарыағаштағы бұл мекемеде жүзге тарта адамға екі айдан астам уақыт айлық берілмеген. Ондан қалды, мекеме олардың зейнетақы қорына да көптен бері көк тиын аудармапты. Бір қызығы, облыстық балалар шипажайы деген дардай аты болса да, мекеменің не спорт залы, не балалар ойнайтын бөлмесі жоқ. Оның барлығы ақылы бөлім ретінде келушілерге қызмет көрсетіп жатыр.

Есіктен үдере шығып жатқан бұл әйелдер Сарыағаш балалар шипажайының қызметкерлері. Қабақтары қатулы. Өйткені екі ай бойы мардымсыз жалақыларының өзін алмаған олардың мереке қарсаңында да еңбекақыларын көрмейтін түрлері бар.

-Бізді ойлайтын адам керек . Бала-шаға отыр үйде қазір. Не деп айтам мен, қазір ақша алып келемін деп кеттім.

Шипажайда жұмыс істейтін жүз қаралы кісінің орташа айлығы 50 мыңға да жетер-жетпес. Ал осы мекеменің бас есепшісі Бақыт Ерманова екі аптадан бері ұшты-күйлі жоқ. Тіпті айлық беріліп жүрген соңғы үш айда еңбеккерлердің зейнетақы шотына да бір тиын түспеген.

Гүлжамал Омарова, «Сарыағаш» балалар шипажайының қызметкері:

-Бәріміздің де банкке несиеміз  бар. Қарыздар өсіп жатыр. Балаларымыз отыр міне. Қарыз алып тамақтандырып жатырмыз балаларымызды.

Бұл бассыздық былай тұрсын, шипажайда кішкентай емдеулшілерге еш жағдай жасалмапты.

-Мәселен, мына бөлмеде балалар ойнауы керек. Тек, мұнда бірде-бір ойыншық көре алмайсыз. Есесіне қаусап тұрған кереуеттер қаз-қатар тізіліп тұр. Жалпы, бұл мекеме балалар шипажайынан гөрі қарттар үйіне көбірек ұқсайды.

Ал мекеме басшысының мұны ойлауға мұршасы жоқ. Күн-түн демей ақша мен есепшіні іздеп жүрмін деген ол таба сала жұмыстан қумақшы екен.

Марал Үмбетәлина, «Сарыағаш» балалар шипажайының бас дәрігері:

-Ақшаны тауып, орнына қойған соң құзыретті органдарға беремін арыз. , Себебі халықтың айлығы бар. Несиелері бар, өсімі өсіп кетті ғой. Соның өсімін сот арқылы өндіріп беруге тиістіміз деп ойлаймын.

Қызметкерлердің арызынан соң шипажайды тексеруге алған шенеуніктер кінә тек есепшіде емес дейді. Қазір балалар шипажайын прокуратура, еңбек инспекциясы мен денсаулық сақтау басқармасы тексеруде. Атқамінерлерге сенсек, жалақы таяу күндері беріледі. Алайда уәдеге тойған жұмысшылар оларға сенуден қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде